Жаңалықтар
Жағдай мәз емес: Астанада 414 полигон ғарыштан анықталды
Фото: ашық дереккөз
Қазір ғарыштық мониторинг тек екі облыста – Астана мен Маңғыстау облысында ғана аяқталды, онда 68 стихиялық полигон табылды, деп хабарлады qandastar.kz.
Қарағанды облысында спутниктердің көмегімен аумақтың 11 пайызы ғана зерттелсе де, қазірдің өзінде 303 қоқыс полигоны анықталып отыр. Бұл – облыстың өзі 239,1 мың шаршы метрді құраса, соның әрбір 2,4 мың шаршы метріне 28-ге жуық қоқыс полигоннан келеді деген сөз.
Қостанай облысында 10 пайызы ғана зерттеліп, 174 полигонды аумақ белгілі болды.
Айта кету керек, тұрмыстық қатты қалдықтардың ғарыштық мониторингі 2018 жылы басталды.
Бақылау жыл сайын 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Небәрі 6 жылдың ішінде 1813 жиналған қоқыс полигоны табылды деген ақпарат бар.