Көші-қон заңнамасы

Оралман куәліктерін ұзарту туралы ақпарат

Ел басының (2019 жылы 16 наурыздағы № 20-137қ-8) тапсырмасына
сәйкес, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы (бұдан әрі-
Басқарма) көші-қон жүйелері бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ Алматы
қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының
қызметкерлерімен бірлесіп, оралман мәртебесінің мерзімін өткізіп
алғандығына қарамастан этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен
Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөнінде жұмыстар
жүргізілуде.
Осындай шараны қабылдау этникалық қазақтар арасында әлеуметтік
шиеленісті шешіп қана қоймай, олардың Қазақстан азаматтығын алғаннан
кейін әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жақсаруына әсер етуіне
ықпалын тигізеді.
Өз уақытында Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген
тәртіппен ала алмаған оралмандар бүгінгі күнде басқармаға келіп мерзімі
өткен оралман куәлігін ұзартуға өтініш берулеріне болады.
Басқарманың мекен-жайы: Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122
ғимарат, анықтама телефоны: 8 (727) 261-10-86.
Оралман куәлігінің мерзімін ұзарту үшін қажетті құжаттар тізімі:
— өтініш,
— мерзімі бұзылған оралман куәлігі,
— Алматы қаласындағы мекен-жайы.
Басқармада оралман куәлігінің мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанына
дейін ұзартылады.
Оралман куәлігінің мерзімін ұзарту жөнінде Шешім алғаннан кейін
Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (3 айдың ішінде) алу үшін
2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ҚР ІІМ Алматы қаласы Полиция
департаменті Көші-қон қызметі басқармасына осы Шешіммен бірге қажетті
құжаттар азаматтық алуға тапсыру қажет.
*Ескерту: Осы мүмкіндікті жіберіп алмау керектігін ескертеміз!

Көші-қон жүйелері бөлімі
К.Т.Галиева

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close