Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Арал суы тағы толығады: Дүниежүзілік банк грант бөлді
Фото: ашық дереккөз
Су ресурстары және ирригация министрі Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңі басталатынын хабарлады atamekenbusiness_qaz телеграм арнасы.
«Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті.Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған», – деді Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді.