Әлеумет және қоғам

Қазақстандық қыздарға АПВ-ға қарсы америкалық вакцина салынады

Фото: stopfake.kz

Қыркүйек айында 11 жастағы қыз балаларды Адамның папиллома вирусына қарсы вакциналау басталады. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтып берді.

Екпеге АПВ-ның барынша онкогенді түрлерінен қорғайтын «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.

«АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтуға мүмкіндік береді және жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға және онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді», – деді З. Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр және фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдер өлімі бойынша екінші орында тұр.

«Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, жыл сайын 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Бүгінгі таңда папиллома вирусын жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз жолы – вакциналау», – деді спикер.

Сырқаттың ауыртпалығын және АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың тиімділігін ескере отырып, 135 мемлекет, оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан бұл вакцинаны өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close