Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі оқырмандарына сүйінші жаңалық жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz
Ол Instagram-парақшасына болашақ сәбидің УДД нәтижесі көрсетілген видеоны жүктеп, астына: «+1 Абайұлы немесе Абайқызы» деп жазған. Бұл жазба көптің қызығушылығын тудырып, қуанышын еселей түсті.
Бейнежазбада Абай Бегейдің жарына гүл шоқтары мен жаңа телефон сыйлаған сәті де көрініс тапқан. Әншінің жұбайына көрсеткен ілтипаты желі қолданушыларын ерекше тәнті етті.



