Жаңалықтар
Абай облысы: Әкесі 15 жастағы қызын 38-тегі досына күйеуге берді

Фото: ашық дереккөз
Өгей әкесі 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге берген, деп хабарлайды qandastar.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Бұл туралы толық мәліметті «Не молчи» қорының жетекшісі әлеуметтік желідегі парақшасында хабардар етті.
Қордың дерегіне сәйкес, оқиға Қарағанды облысының Абай ауылында болған.
Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.
Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін әкесіне қашып келгенін айтты.
Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған.
Әзірге құқық қорғау органдары ресми ақпарат берген жоқ.