Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды: зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

Полиция жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру бастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 10:30-да «102» арнасына Семей-Қайнар автожолының 62-шақырымында Знаменка ауылы маңында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, кейін бүйіріне аударылған. Автобус салонында вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жолаушы болған», — делінген мәлімдемеде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар өміріне қауіп төндірмейтін дене жарақаттарын алған.

Барлық зардап шеккендерге уақтылы қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Аталған факт бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ қыс мезгілінде қала сыртындағы жолдарда ерекше сақтық танытуға шақырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button