
5 наурызда Абай облысында келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ақпаратты Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі растады.
«2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты», — делінген мәлімдемеде.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі.


