
Фото: istockphoto.com
Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай тас жолында жеңіл көлік пен минивэн соқтығысып, үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлады qandastar.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, көліктердің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан екі адам оқиға орнында жан тапсырған, ал тағы бір адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Полиция таратқан ақпаратқа сай, 25 жастағы Toyota жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды, ал 45 жастағы минивэн тізгініндегі азамат ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Көліктегі тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен емханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, соққының күші өте қатты болып, көліктер жарамсыз күйге түскен. Қазір оқиғаның себебі анықталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлады Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутов.