Жаңалықтар

Абай облысында қария балық аулау ережесін бұзған

Абай облысында табиғатты қорғау мақсатында «Браконьер» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында құқық қорғау қызметкерлері заңсыз аң және балық аулау деректерін анықтады, деп жазады qandastar.kz.

Тексеру кезінде Бородулиха ауданына қарасты Ақши ауылының маңындағы Смародный шығанағында 67 жастағы тұрғынның екі қармақпен балық аулап жүргені белгілі болды. Ол жалпы салмағы алты келіден асатын балық ұстаған.

Полиция дерегінше, қарияның іс-әрекетінде қылмыстық құрам жоқ. Дегенмен ол балық аулау ережесін және табиғи ресурстарды пайдалану қағидаларын бұзған.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар экологиялық мәдениетті арттыру және табиғи байлықты сақтау мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.

Back to top button