Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Абай облысында салынып жатқан ғимараттан екі адамның мәйіті табылды

Қайғылы оқиға Абай облысының Курчатов қаласында болған.

Қаладағы салынып жатқан ғимараттың орнында қабырғаның бір бөлігі құлап, екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Облыстық полиция мәліметінше, тергеу жүріп жатыр.

Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қаза табуына әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button