Семейде 66 жастағы ер адам мас күйінде полицияның екі көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 2026 жылдың 25 қаңтарында сағат 18:10-да болған.
Полиция мәліметінше, бұрын сотты болған 66 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде полиция бөлімшесінің жанында заңсыз әрекет жасап, Chevrolet Cobalt және Changan көліктерін өртеп жіберді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



