Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты: олардың арасында екі құтқарушы бар

Абай облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасы төрт адамның өмірін қиды.

Қаза тапқандардың арасында Курчатовтағы №9 өрт сөндіру бөлімінің екі қызметкері бар, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайғылы жағдай Семей–Курчатов автожолының 35-шақырымында, Бөкенші ауылы маңында болған. Жолда Chevrolet Nexia мен Kia Rio көліктері соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі алдында келе жатқан «Газельді» басып озбақ болған. Осы сәтте ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Kia Rio көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Chevrolet Nexia көлігіндегі ерлі-зайыпты мен Kia Rio ішінде болған екі құтқарушы қаза тапқан. Құтқарушылар сол сәтте шұғыл шақыртуға бара жатқан.

Полиция қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жүргізушілердің әрекеті мен апатқа нақты не себеп болғаны тергеу барысында белгілі болады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button