
Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты 19 ақпанда сағат 15:25-те болған.
Полицияға республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.



