Жол апаты Алматы – Өскемен автожолының 681-шақырымында болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 23 желтоқсан күні шамамен сағат 08:20-да орын алған.
Полиция мәліметінше, Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігі соқтығысқан.
Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш адам медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті жүргізушілерге ескертеді:
- белгіленген жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз,
- қарсы бағытқа шықпаңыз,
- көлік құралын тек демалып алған жағдайда ғана басқарыңыз.
«Есіңізде болсын, рөлдегі әрбір әрекетіңіз айналаңыздағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді», — дейді департаменттегілер.



