Мәдениет

Абай өз шығармаларын қазақ тілінде жазбаған, тіпті ол өз қара сөзінің барын да білмейді – Ақжол Қалшабек

Фото: ашық дереккөз

Шымкенттік абайтанушы ғалым Ақжол Қалшабек Абай Құнанбайұлының қара сөздері туралы эксклюзив ақпарат айтты, деп хабарлайды  qandastar.kz  Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ontustiktv.kz абайтанушыдан арнайы сұхбат алған.

Телеарна мәліметінше, Абай Құнанбаев өлеңдері мен қара сөздерін қазақ тілінде жазбаған.

Ей юрагимниң қуаты фарзандларим! Сизларга бираз соз язып, ядгар қалдыраман. Қазір мен өзбек тілінде емес, Абай тілінде сөйлеп тұрмын. Оқып тұрғаным да 38-ші қара сөздің түпнұсқасы. Ғалымдардың зерттеуінше, Хәкім Абай тұтас шығармашылығының басым бөлігін дәп осы шағатай өрнегінде жазып қалдырған, — дейді тілші Қанат Жолдасбек.

«Баһра, Хәттә, Иттихад, Хикмат, Хайат, Кәлләм». Бұл – Хәкім қолданған сөздер. Ақжол Қалшабек – абайтанушы ғалым. Ойшыл мұрасын зерттеп, насихаттаумен келеді. Оның қолындағы парақ – Абайдың жеке хатшысы Мүрсиіт Бікіұлының түпнұсқа қолжазбасы. Зерттеушілер бұл байламға осы жазбаға үңіліп, зерделеу арқылы келген. Тақырыпты терең қаузаған ғалым шәкірті Әзімханмен бірге арнайы кітап даярлапты. «Әуезов һәм Абай» аталатын ол оқулықта Хәкім шығармаларының түпнұсқасы мен қазір біз оқып жүрген түрі салыстыра қаралады.

Әбдіраһманға жазған өлеңі. Түпнұсқадан оқиын. «Я худай бере гор, тілеген тілекді. Қорықпай орнықтыр, Чочыған юректі». «Ш» әрпінің орнына «ч»-ны қолданады. Шошыған демейді, чочыған жүрекді. «Т»-ның орнына «д»-ны қолданады, — дейді абайтанушы Ақжол Қалшабек.

Оның айтуынша, қара сөздері барын Абайдың өзі білмейді. Өйткені Абай шығармашылығында «Қара сөздер» деп аталатын еңбек жоқ. «Ақыл и китаб» деп аталатын ой-толғамдары 45 емес, 41 болған дейді зерттеуші. Ал шағатай өрнегі түркі халықтарына ортақ байланыс тілі болған.

Біздің бүкіл хандардың хаттарын оқысаң… Кененсарыны оқисың ба, Абылай хан ба, бәрі осы тілмен жазған. Сөйлескенде қазақша сөйлесе беруі мүмкін, бірақ хат жазғанда шағатай тілінде жазған. Неге? Себебі ол қалыптасқан дәстүр болған. Ерекшелігі – оны өзбек те, қазақ та, қырғыз, түрікмен, татар да оқи береді, — дейді Ақжол Қалшабек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close