ЖаңалықтарМәдениет

«Абайдың өзі ортаңқол ақын боп қалды»: Мақсат Толықбай Дина Елгезекке неге шүйлікті

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ашулы жазба жариялап, елдің назарын аударды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Депутат атақты сатып алатындарды қатты сынға алды.

«Ұлт ұстазы», «Ұлт данышпаны» деген атағы жоқ Байтұрсынов қарапайым мұғалім, Абайларың жартылай ғана данышпан, ортаңқол ақын боп қалды-ауу?!

Тоқтамаңдар!

#Атақ сатқыш ұйымдастырушыларға ұсыныс: майдаланбай-ақ қойыңдар.
Биылдан бастап «дүние жүзі бойынша нөмірі бірінші данышпан», «ғаламдық ұстаз», «планета академигі» деген атақтарды шығарыңдар», — деп жазды ол.

Депутат өз сөзін «қойылымға» балаған журналист Дина Елгезекті де айтып кетті.

«Ғасыр деген тар ұғым. Бізге масштаб керек. Қадірін кетірмей, бағасын қымбат қылыңдар! Қалталы даңғойлар жарысып алады.

Ары кетсе бір депутат мінберден сынап бірдеңе айтар. Ал желіде «бұл қойылым» деп Дина Елгезек сияқты қарсы пост жазатындар табылады», — дейді ол.

Депутат өзінің медаль сатып, жыл сайын көлігін жаңалап отыру үшін ғана түрлі қоғамдық ұйымдар ашып алған бизнесмен пысықайлар жөнінде айтқанын алға тартты.

«Ғасыр данышпаны», «Ғасыр ұстазы» деген ордендерге де былтыр сұраныс аз болған жоқ. Ұйымдастырушылар Қазмедиа сияқты ғимараттардың залын жалға алып, қызыл кілем төсетіп, кәсіпкер, ақын, мұғаліміне дейін салтанатты түрде сахнаға шығарып марапаттап, 200-300 мың теңгелерін қағып алды.

Атаққұмарлыққа қызыққан байқұстар мәз. Ватсаптан таратып сүйінші сұрап әлек болды. Ішінде менің де таныстарым бар», — деп жазды депутат.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button