Жаңалықтар

Әбенова TikTok-та экскорт қызметін жарнамалайтын қазақ жігіттері жайлы айтты

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова өз Facebook парақшасында TikTok желісіндегі контенттің жастарға ықпалы мен платформаның алгоритмдік ерекшеліктеріне қатысты пікір жариялап, қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге тоқталды, деп жазады qandastar.kz

Журналистің айтуынша, ол TikTok лентасын қарап отырған кезде би билеп тұрған бір жасөспірімді көрген.

«Ер бала ма, қыз ба – түсінбей қалдым. Түсіну үшін парақшасын ашып қарай бастадым. Комментарийлерде де осы сұрақ қойылып жатыр екен. Сөйтсем, жігіт екен, бірақ қызға өте ұқсайды», – деп жазады ол.

Алайда авторды алаңдатқан жайт – парақшаға бір рет кіргеннен кейін қалған лентаның түгелдей ұқсас контентке толып кетуі. Оның айтуынша, алгоритм осыған дейін қаралған видеоны қызығушылық деп қабылдап, толығымен соған ұқсас бейнелерді ұсына бастаған.

Журналист атап өткендей, ұсынылған видеолардағы жастардың басым бөлігі – 18-20 жас шамасындағы, өзін күтіп-баптаған, боянып түсірілген, көбіне қонақүйде видео жасайтын ер балалар. Автор олардың әрекеттерінен «эскорт қызметін жарнамалау» элементтері байқалатынын айтады. «Сұраныс бар жерде ұсыныс бар, TikTok арқылы өздерін ашық түрде ұсынады», – дейді ол.

Желі қолданушыларының пікірлері де екіге бөлінген. Кейбіреулер жас жігіттердің мұндай бейнесіне күйінсе, енді біреулері әжуалап, «енді армияға қыздар барсын», «қазақ жігітіне ұқсамайды» деген пікірлер қалдырған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button