Жаңалықтар
Әбиба Әбужақынова Гран-При жарысында үздік деп танылды

Фото: ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линц қаласында (Аустрия) өткен Гран-при санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды qandastar.kz
Ол 48 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Әбиба финалда жапониялық Сачие Ешинодан басым түсіп, 10-1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, ол финалға дейінгі кезеңдерде Мизука Хараданы (Жапония), Жаклин Шпрингерді (Аустрия) және Эмбер Герсджесті (Нидерланд) жеңді.