ЖаңалықтарШоу бизнес

«Абыройымызды жоғалтпауға көмектесші»: Әнші Бүркіттің жазбасы елді алаңдатты

Бүркіт лақап атымен танымал қазақстандық әнші Айбек Сейітов әлеуметтік желідегі парақшасында елді алаңдатқан жазба қалдырды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші әйелімен бірге түскен видеосын жариялап, ел амандығын тіледі.

«АЛЛАҺЫМ, мына 5 күн өмірде, көп жақсылық жасауға көмек берші. Бар абыройымызды жоғалтпауға көмектесші. Бала-шағамыздың өсіп-өніп, ер жетіп балалы болған күндеріне дейін жеткізші. Елімізді жақсылыққа толтыршы. Таза ниетпен жол бастаған бауырларға күш-қуат берші! Аспанымыз әрдайым ашық болсыншы. Халқымызға береке бере көр», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге ыстық ықыластарын білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button