Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртас қазақ актері, театр және кино режиссері, сценарист, педагог, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты жүрекжарды пікірін білдірді, деп жазады qandastar.kz.
2025 жылғы 22 желтоқсанда өнер иесі Instagram желісіндегі сторисінде Асанәлі Әшімов пен анасы, продюсер Гүлзира Айдарбековамен бірге түскен архивтік суретті жариялады.
Жазбасында Қайрат Нұртас марқұмды «қазақ киносын әлемге танытқан аңыз тұлға» деп атады.
«Қазақ киносын әлемге жеткізген, Қазақ КСР Халық әртісі абыз аға, аңыз аға, бақұл болыңыз! Жаныңыз жәннатта болсын», — деді Қайрат Нұртас.
Асанәлі Әшімовтің қайтыс болғаны 2025 жылғы 21 желтоқсанда белгілі болды. Көрнекті өнер қайраткері 88 жасында өмірден өтті.



