Жаңалықтар

Абзал Нүкенов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: КазНу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің жаңа меңгерушісін тағайындады. Бұл қызметке Абзал Нүкенов лайықты деп танылды, деп хабарлайды  qandastar.kz

Бұл туралы Ақорданың 2025 жылғы 11 наурыздағы ресми мәлімдемесінде:

«Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппараты идеологиялық жұмыс бөлімінің кеңесшісі болып бастады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close