ЖаңалықтарШоу бизнес

«Адал келінім»: Гүлзира Айдарбекова ортаншы келініне ерекше жазба арнады

Продюсер Гүлзира Айдарбекова тағы бір мәрте әже атанғанын айтып, қуанышын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында екінші келіні туралы жылулыққа толы жазба жариялады.

Жазбада екінші келінін «атасының жеке келіні» деп атады.

«Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған,бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгера келініміз дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді. Өмірімнің бір бөлігі құрметті менің оқырмандарым: Көп тілеуі көл деген, өмір есігін қазір ғана ашқан немеремізге жүрек жарды дұға, тілек күтемін өздеріңізден! Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Атасын да осында қосып қояйын, атасының жеке келінін құттықтап қойыңыздар! Сүйіншіге атасынан 5 адамға 5 к дан болсын! Аллаға сансыз шүкірлер, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!», — деп жазды продюсер.

Оқырмандары ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button