ЖаңалықтарШоу бизнес

«Адам – қонақ»: Сәкен Майғазиевтың видеосы желі қолданушыларын елең еткізді

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, елді ойландырып қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші марқұм Асанәлі Әшімов пен өз ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың отырғызған ағаштарын көрсетіп, өз ойын айтты.

«Өмір өте береді. Бір күні бәріміздің де жаназамызды шығарып жататын кез келеді. Жақсы болуға тырысайық», — дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің сөзіне қолдау білдіріп жатыр.

«Жақсы адамдардың қатарынан болайық», «Әрине келмек бар жерде, кетпек те бар» және «дұрыс айтасыз» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button