Қытайда аз қамтамасыз етілген студенттерге арналған жаңа, әрі өте шағын «тұрғын үй» үлгісі қоғамда қызу талқылауға себеп болды, деп жазады qandastar.kz.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода ені бар-жоғы 40 сантиметр болатын бөлмелер көрсетілген. Мұндай орындар тәулігіне шамамен 1 доллар тұрады.
Көрсетілген «микрокапсулада» адам әрең қозғалады. Бөлме тар қуыс секілді және ішіндегі заттар да минималды. Онда бір ғана розетка, қабырғаға қиғашынан қыстырылып қойылған шағын теледидар, иелері «өте жайлы» деп сипаттайтын, бірақ шын мәнінде сөреге ұқсайтын төсек.
Жергілікті блогерлердің айтуынша, мұндай капсулалар — табысы төмен студенттерге арзан баспана ретінде ұсынылатын нұсқа. Алайда виде Қытай әлеуметтік желілерінде үлкен дауға ұласып, қолданушылар екіге бөлінді. Бірі бұл идеяны адам абыройын таптау, қауіпті әрі денсаулыққа зиян деп санайды. Екіншілері өсіп кеткен жалдау бағалары жағдайында бұны мәжбүрлі қажеттілік деп түсіндіреді.
Видеороликтер миллиондаған қаралым жинап, Қытайдағы ірі қалаларда жастардың тұрмыс деңгейіне байланысты жаңа толқын сын тудырды.



