Жаңалықтар

Адам өлтіруге шақырды!: ҰҚК арнайы операция жүргізіп, радикалдарды қолға түсірді

2025 жылғы қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді насихаттау, оның ішінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізу күдігімен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтасы ұсталды, деп жазады qandastar.kz  ҰҚК-ге сілтеме жасап.

«Тергеу нұсқасы бойынша олар діни себептермен шабуыл жасауға және адам өлтіруге шақырған, сондай-ақ зайырлы мемлекеттік құрылымға қарсы үгіт жүргізген», – деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, тінту барысында олардың жанынан қару-жарақ пен суық қару, сондай-ақ көп мөлшерде діни әдебиет тәркіленген.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу деректерінің өзге бөлігі жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, 3 қарашада дәл осындай қылмыс үшін Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол терроризмге шақыратын материалдарды таратқан. Үкім заңды күшіне енді.

Жалпы, жыл басынан бері ҰҚК материалдары бойынша 83 адам ұсталып, 97 адам терроризм және экстремизм әрекеттері үшін сотталған.

Бұған дейін Алматыда арнайы жасақтың көмегімен шетел азаматы ұсталған еді. Ол экстремистік әдебиет таратты деген күдікке ілінген. Сондай-ақ Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдардың әрекеті тоқтатылған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button