Әлем жаңалықтарыҚаржы және төлемдер

«Адам сенгісіз жағдайда өмір сүрген»: 20 жыл бойы ақша үнемдеген жапондықтың бар жиғанын инфляция «жеп қойды»

Ол қыста жылудан бас тартып, тек жаттығу мен көрпе қымтану арқылы жан сақтаған.

Жапониялық ер адам интернет қолданушыларын таң қалдырды: ол 20 жылда 132 миллион йен (640,000 доллар) жинап, ерте зейнетке шығуға мүмкіндік алған, деп хабарлайды odditycentral.com.

Жапониялық 45 жастағы ер адам 20 жылда 132 миллион йен (640,000 доллар) жинап, титықтататын ауыр жұмысынан ерте зейнетке шыққанын мәлімдеп, интернетті таң қалдырды.

Ол 2000 жылдардың басында тұрақты, бірақ талабы аса қатал жұмысқа орналасып, түн ортасына дейін жұмыс істеуге мәжбүр болады. Жылдық табысы шамамен бес миллион йен (32,000 доллар) болғандықтан, ол жұмысын тастамай, ерте зейнетке шығу үшін барынша ақша үнемдеуді ұйғардады. Бірақ жиырма жыл бойы өз-өзін «қысып» өмір сүруі соған тұра ма деген сұрақ туындайды.

Ол жалға алынған пәтерінен бас тартып, айына тек 30,000 йен (190 доллар) төлейтін қарапайым компания жатақханасына көшкен. Қажетті тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алудың орнына, адамдар тастап кеткен заттарды пайдаланған. Жазда кондиционер қолданбаған, ал қыста жылудан бас тартып, тек жаттығу мен көрпе қымтану арқылы жан сақтаған.

Оның тамағы негізінен қайнатылған күріш пен кішкене жемістер мен көкөністерден тұрған. Өте қиын күндерде кешкі асқа тек энергетикалық сусын ішкен.

Басқа үнемді жапондар сияқты, ол ең арзан өнімдерді алу үшін жеңілдік купондарын қолданған.

Дегенмен, оның жинаған ақшасы жылдың басынан бері йеннің күрт құнсыздануына байланысты қысқа мерзімде азайып кеткен. Ер адамның тәжірибесі Жапония мен Қытайда вирустық сипат алды, желі қолданушыларының әр алуан пікірін тудырды. Кейбіреулер оның табандылығы мен шыдамдылығына таңданса, басқалары оның өмір салтына шошынып, оның кедей диетасына байланысты ауырмауы ғажап деп санайды.

«Оның өмірі шынымен де аянышты,» деп жазды бір адам. «Жапониядағы табысы төмен емес. Егер ол тек үнемдеудің орнына алтынға инвестиция жасаса, соншалықты жоғалтпас еді.»

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close