Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана және Алматыда бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылып отыр.
Мәселен, Алматыда қылмыстық топ мүшелері жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткен.
«Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, сондай-ақ оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелді. 20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», — делінген мәлімдемеде.
Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



