Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Адамдар өзін қорғаудың небір құйтырқы әдісін табады»: Тоқаев үкімет мүшелері мен әкімдерді сынға алды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мәселесін көтеріп, жұмысына жауапсыз қарайтын үкімет мүшелері мен әкімдерді сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент цифрлық мемлекет құру мәселесіне айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Айтуынша, бұл Қазақстанның болашағына тікелей әсер етеді.

«Жаңа ғана бұл саланың еліміз үшін стратегиялық маңызы туралы айтып кеттім, баршаға түсінікті деп ойлаймын. Сондықтан жұмысқа селқос қарап, жайбарақат жүруге болмайды. Әйтпесе, қолдағы мүмкіндіктен айырылып қаламыз», — дейді президент.

Айтуынша, цифрлық тәсілдер арқылы артық шығынды қысқартып, әкімшілік кедергілерді еңсеруге болады.

Басқару ісіндегі тиімсіз шешімдерді барынша азайтуға болады.

Алайда президент бұл тұста бір кемшілік барын айтты.

«Сонымен қатар тағы бір кемшілік көзге анық көрінеді. Үкімет мүшелері мен әкімдер өздеріне сеніп тапсырылған салалар мен облыстардағы барлық олқылықты цифрландыруға «жаба салады». «Жаппай цифрландыру енгізілсе, Сіз көрсеткен олқылықтар мен кемшіліктер өздігінен жойылады» дейді. Бұл арада не айтуға болады? Адамдар өзін қорғаудың, басын арашалап алудың небір құйтырқы әдісін табады», — деді Тоқаев.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button