
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйелге қол көтеруді еркектікке балайтын азаматтарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында әйелді ұрып, мұны мақтан көретін еркектердің әрекетіне наразы екенін білдірді.
«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар, болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!» – деп жазды Димаш.
Әншінің бұл жазбасы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі қайта талқыланып жатқан тұста жарияланды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында күйеуінен соққы жеген жас әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді.



