«Қалаулым» жобасы арқылы танылған Бауыржан Зорбай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұған Instagram желісінде abdreevakz есімді қолданушының жазбасы себеп болды. Ол жазбасында Бауыржанға және оның отбасылық қарым-қатынасына қатысты өткір пікір білдірген, деп жазады Qandastar.kz порталы.
«Әйеліңнің қадірін білші, Бауыржан. Бағана өзің айттың, осы тақырып басталғалы кинолента секілді бәрі көз алдымнан өтті деп. Сол ленталар сенің көзіңнен де, жүрегіңнен де, жүрегіндегі жарыңнан да ұшып кетпей тұрғанда бағала. Сен мені түсінерсің деп үміттенемін, өйткені мен де сені кей кездері түсінуге тырыстым. Таңдау менікі болсын, мен сені және сенің таңдауыңды құрметтедім, сен де мені және менің таңдауымды құрметте. Сенің жүріс-тұрысыңа, қыздармен араласуларыңа “СТОП” белгісін қойдыратын адам мен», – деп жазды ол.
Сондай-ақ аталған қолданушы бұл тақырыпты не себепті қозғағанын да түсіндірді.
«Желідегі жылтырақ өмірге қызығатын әйелдерге өтінішім бар. Қасыңда жүрген еркекке сене беретін заман емес. Барлығына бірдей топырақ шашпаймын, көзіммен көрген нағыз еркектер де бар. Таңғалатындай ер-азаматтар көп. Бірақ қазіргі кезде сондай адал, солға қарамайтын, қадамы нық, аманатқа берік еркектердің өзі күмән тудыратындай әрекеттер жасап жатады. Көпшілікке көрсетілетін өмір бір бөлек, шынайы өмір мүлде басқа болуы мүмкін. Мені жердің түбіне салып жіберсеңіздер де, бұл – менің шешімім. Түсінгендерге де, түсінбегендерге де рахмет», – деді ол.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдыруда. Кейбіреулер «әйелі мен көңілдесі бір-біріне қатты ұқсайды, адам талғамына адал болғанымен, адамға адал болмаған сияқты» деп жазып жатыр.
Айта кетейік, Бауыржан Зорбай 2022 жылы үйленген. Отбасылы.



