ЖаңалықтарШоу бизнес

«Адамның неше түрі бар»: Ақбота Керімбекова әріптестерінің оңбай ренжіткенін айтты

Әнші Ақбота Керімбекова туған күніне байланысты болған қызықты жағдайларды оқырмандарымен бөлісті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы qazaqtoday Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өнердегі әпкесі Жанар Айжановамен бірге түсірілген видеосын жариялаған. Кадрларда Керімбекованың оған ренжіген кейіп танытып отырғаны көрінеді.

«Мыналар менің туған күнімді мүлдем ұмытып кеткен. Осыларды қалай әріптес дейсің? Біреуі де құттықтамады. Адамның да неше түрі бар», – деп әзіл-қалжың аралас айтқан Ақбота.

Бейнежазбаның соңында Жанар Айжанова туған күн иесін құттықтап, оған 20 мың теңгелік сыйлығын табыстағаны байқалады.

«Еркелігімізді де, қалжыңымызды да көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Кеше Сыр елінде @an_men_anshi.kz гастрольдік сапары басталғаны белгілі. Сахнаға шығатын кезді күтіп жүріп, ұзақ көрмеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ қалжыңымызды сіздермен де бөлісіп қоялық. Жасай беріңіз, Жанар Айжанова», – деп жазды әнші.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button