Әлеуметтік желілерде тараған видеода бір отбасының үй ішінде арабтың ұлттық киімін киіп жүргені жұрттың ашуына тиді. Автор видеоға «жаңа заманның қазақтары» деген тақырып берген, деп жазады qandastar.kz.
Кадрларда бейнежазбаны түсіріп тұрған адам басына арафат деп аталатын, араб ұлтының стиліндегі бас киімді кигенін көріге болады.
«Ұлтымызды сақтайық, не болып бара жатыр?»,
«Абайлау керек»,
«Жетіскен екен, көшіп кетпей ме Меккеге?»,
«Араб бола алмайды ғой, әлде болып кетуі мүмкін бе?»,
«Сұмдық, беті құрсын»,
«Адасқандар», — деген сыни әрі эмоционалды жазбалар жиі кездесті.
@galym.orynbor♬ оригинальный звук — Teris_Molda



