Әлеумет және қоғам

«Әділдік керек»: Lamborghini-ден секірген жасөспірімнің ісіне қатысты сот жүріп жатыр

Фото: buzyq

Lamborghini-дің үстінен секіру трюгі қайғылы аяқталған оқиға бойынша сот процесі басталды. 22 жастағы блогер Батырхан Ержановтың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы buzyq телеграм арнасына сілтеп.

Айыпталушы — трюк орындалған көлікті басқарған 45 жастағы жүргізуші. Ол Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен жауапқа тартылуда. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Марқұмның туыстары айыпталушыдан 220 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы талап етуде. Сонымен қатар, олар Lamborghini көлігінің иесі Бейбіт Әлібековті де жауапкершілікке тартуды сұраған. Алайда сот бұл талапты қараусыз қалдырды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

Еске салсақ, өткен жылдың күзіде Алматы маңындағы «Сокол» автодромында Батырхан Ержанов трюк жасау кезінде ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close