Жаңалықтар
«Әділдік және өркендеу» Қоры Ақтауда қоғамдық қабылдау жүргізеді

Фото: ашық дереккөз
Ақтау қаласында «Әділдік және өркендеу» Қорының тағы бір қоғамдық қабылдауыашылды. Бұл — ұйымның ел аумағындағыалтыншы қабылдауы.
Қоғамдық қабылдаулар республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтөбеде жұмысістейді. Мұнда құқықтық қолдауға мұқтаж әрбір азамат жүгіне алады.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедованың айтуынша, Маңғыстау облысында қабылдаудың ашылуы еңбек жанжалдарының туындау қаупі жоғарымұнайлы өлке үшін маңызды.
«Қоғамдық қабылдау — бұл Қор жақтастары, қазақстандықтардың еңбек және тұрмыстық жағдайын жақсартуға дайын белсенді және бей-жай қарамайтын азаматтар жиналатын орын. Біздің өкілдеріміз өңір тұрғындарына заңгерлік көмек көрсетіп, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға ықпал ете алады», — деді Қорбасшысы.
Қысқа уақыт ішінде өңірлердегі қоғамдыққабылдаулардың қызметі жақсы нәтижекөрсетті.
Мәселен, Қордың Түркістан облысындағықоғамдық қабылдауына наурыз— мамыр айларыаралығында 279 өтініш келіп түсті, оның 60% — ы орындалды, қалғаны әлі қаралып жатыр. Негізінен аймақ тұрғындары жеке отбасылық, ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар бойынша және жер дауларын шешу бойыншақұқықтық көмек алып, білім беру саласындағысыбайлас жемқорлыққа шағымданды.
Қор өкілдері әр өңірде өтініштердің өзіндікерекшелігі бар екенін атап өтті. Алматы және Алматы облысының азаматтарының көбіқабылдауға экология, ТКШ, әлеуметтіктөлемдер мәселелер бойынша келеді, тұрғындар жауапты органдардың жұмысына көңілітолмай, шығарлыған сот шешімдерін қайта қарауды талап етеді.
«Әділдік және өркендеу» Қорының Алматыдағыбелсенділерінің айтуынша, қазір олар қаладағыапатты тұрғын үй кешендерінің бірінің мәселесін шешумен айналысып жатыр. Бұлүйдің төбесі ағып, инженерлік коммуникациялар жарамсыз болып, ойын алаңдары тозған. Осы орайда қабылдауға 30 адамнан ұжымдық өтініш келіп түсті.
Көктемде Астанада заңгерлердің құқықтық көмегін елорда мен жақын маңдағы аудандардың 220-дан астам тұрғыны алды. Кеңес алуға өтініш білдіргендердің арасындаҚұрылыс және тазалау компанияларыныңжұмысшылары, медицина қызметкерлері, жүргізушілер, аспаздар, тігіншілер және басқамамандық иелері бар. Көбіне, Қордыңелордалық филиалының қоғамдыққабылдауында еңбек даулары, банкроттық, қарыздарды өндіріп алу және алаяқтыққақатысты істер қаралды.
Кез келген азамат кеңес алу үшін «Әділдік жәнеөркендеу» Қорының қоғамдық қабылдауларынажүгініп, білікті көмек ала алады.
Қордың қоғамдық қабылдауларының байланыстелефондары мен мекенжайлары:
+7 775 293 97 83, Астана
+7 707 323 74 70, Алматы
Әйтеке би көшесі, 27
+7 707 516 90 68, Ақтөбе обл.
Ливенцов көшесі, 4, 6 кеңсе
+7 702 951 28 28, Түркістан облысы
Тәуке хан даңғылы 371, 218 кабинет
+7 747 849 26 47, Шымкент
Бейбітшілік көшесі 3А, 4 қабат, 409 кабинет
+7 775 06 83 440, +7 702 123 76 77, Ақтау қ.,
2 ш/а, «Орда» бизнес-орталығы, 313 кабинет.
Сонымен қатар қазақстандықтардың құқықтықсауаттылығын арттыру мақсатында Қорбелсенділері «Әділдік құқығы» онлайн-жобасын іске қосты. Оның шеңберінде біліктізаңгерлер азаматтардыңadildik.org.kz@gmail.com электрондықпоштасына жіберген сұрақтарына жауап береді.