Жаңалықтар

Әділет Барменқұлов Футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетеді. Бұл туралы qandastar.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Әділет Барменқұлов қызметінен кететінін айтқан.

Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын. Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды. Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close