Әнші Әділет Жауғашар «KeшRЕС» жобасына берген сұхбатында шығармашылықтағы қарбалас күндерінің бірін еске алды, деп хабарлады qandastar.kz.
Оның сөзінше, кей сәттерде тойға шығу кестесі соншалық тығыз болады, тіпті бірнеше сағаттың ішінде бірнеше шараға қатысуға тура келеді.
«Шымкентте бір күнде төрт сағаттың ішінде сегіз тойға кіріп, ән айттым. Бұл – ашкөздік емес, тек кәсіби рекорд деуге болады. Әдетте төрт-бес тойға ғана үлгеретінмін», – деді әнші.
Ол мұндай тығыз кестенің оңай еместігін, дегенмен әр тыңдарманның алдында жақсы көңіл-күй сыйлау – басты мақсат екенін атап өтті.