ЖаңалықтарШоу бизнес

Адвокат Жанна Оразбахова белгілі актерді «әйелқұмарлығы» үшін сынады

Адвокат Жанна Оразбахова  шоумен Даурен Айдарқұловтың  көпәйелділік туралы әңгімесін сынады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы kursiv.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдарқұлов подкастта бір уақытта екі әйелмен бірге тұрғанын айтып, некелерін «кастинг» секілді сипаттаған. Бұл сөздер адвокатқа негізсіз және қауіпті көрінген.

«Ол өз әрекеттерін дінмен ақтап, адюльтерді романтизациялап отыр. Әйелін алдап, қалағандай шешім қабылдай беретінін, тіпті бір әйелін басқа қалаға жіберіп, жаңа әйелді әлеуметтік желіден таңдайтынын айтқан. Бәрі кино сияқты», — деді Уразбахова.

Адвокаттың пікірінше, мұндай әңгімелер қоғамдағы отбасылық құндылықтарға кері әсерін тигізеді және жастарға қате үлгі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button