Жаңалықтар

«АЭС құрылысын бөліп төлеуге болады». Елімізде АЭС қалай салынбақ

Фото: obvk.kz

Қазақстанда бөліп төлеу арқылы атом электр станциясын (АЭС) салу мүмкіндігі талқылануда, деп хабарлайды qandastar.kz ozgeris.info сілтеме жасап.

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов әзірге қандай компания АЭС салатыны және жобаны қаржыландыру қалай жүргізілетіні туралы шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

«Қаралып отырған нұсқалардың бірі — бөліп төлеу арқылы АЭС салу. Бұл жобамен айналысатын компания төлемдерді кейінге қалдыруды ұсына алады, бұл құрылыс кезеңінде айтарлықтай шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Қасенов.

Ол сондай-ақ әзірге қаржыландыру мәселесі бойынша нақты ақпарат жоқ екенін, өйткені құрылысқа кімнің жауапты болатыны анықталмағанын атап өтті.

Жобаның ықтимал залалдылығы туралы сұраққа жауап бере отырып, вице-министр:

«Жоба залалды бола алмайды, себебі оның пайдалылығы тарифтерге байланысты болады. Жобаға байланысты барлық шығыстар тарифтерге енгізіліп, олар арқылы өтелетін болады.»,- деп жауап берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close