Жаңалықтар

АЭС құрылысына қатысты референдумда дауыс беру басталды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты референдумда дауыс беру басталды.

Айта кетейік, еліміздің 84 учаскесінде дауыс беру таңғы алтыда басталды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Оның ішінде әскери учаскелер мен кейбір вахталық ауылдар бар. Бұл осы учаскелердегі жұмыстың немесе қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.

Ал қалған (10 мыңнан астам) учаскеде дауыс беру таңғы 07.00 шамасында басталады.

Бұған дейін хабарланғанындай, 1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумға қатысу мүмкіндігіне ие.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close