Жаңалықтар

АЭС салу бойынша референдумда дауыс бергендердің үлесі анықталды: Ең аз қатысым Алматыда

Фото: Stan.kz
Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумға сайлаушылардың қатысымы туралы алдын ала мәліметтерді жариялады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сағат 10:00-дегі сайлаушылардың қатысымы туралы мәліметтерді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар хабарлады.

Референдумға сағат 10:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге 17,79% адам келген.

Жалпы референдумда 2 млн 178 мың 593 қазақстандық дауыс беруі керек.

  • Абай облысы – 15,36%;
  • Ақмола облысы – 17,17%;
  • Ақтөбе облысы – 19,21%;
  •  Алматы облысы – 16,31%;
  • Атырау облысы – 17,11%;
  • БҚО– 16,43%;
  • Жамбыл облысы – 16,19%;
  • Жетісу облысы – 18,08%;
  • Қарағанды ​​облысы – 30,63%;
  • Қостанай облысы – 16,9%;
  • Қызылорда облысы – 20,91%;
  • Маңғыстау облысы – 16,45%;
  • Павлодар облысы – 14,04%;
  • СҚО – 15,83;
  • Түркістан облысы – 18,56%;
  • Ұлытау облысы – 17,4%;
  • ШҚO – 17,85%;
  • Астана – 24,08%;
  • Алматы – 8,66%;
  • Шымкент – 19,56%.

Бұған дейін бас прокуратура референдумда ешқандай заңбұзушылықтар анықталмағанынмәлімдеді.

 
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close