Жаңалықтар
АЭС-ті Семей полигоны маңына салу ұсынылды
Фото: ашық дереккөз
Сенат депутаты Андрей Лукин Үкімет басшысына сауал жолдап, атом электр станциясын Абай облысының Курчатов қаласында салуды ұсынды, деп жазады qandastar.kz
atamekenbusiness_qaz жазылғандай, Семей ядролық полигоны кезінде атом энергетикасына қатысты біршама ғылыми орталықтар жұмыс істеген. Сол орталықтар әлі де бар. Тіпті қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отыр деді. Депутат осы мүмкіндікті пайдалану қажет деген пікірде.
«Атомдық энергетика саласын дамытуда Курчатов қаласының рөлі зор болмақ. Ол үшін Курчатов маңында дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі де жоғары. Сонымен бірге атом электр станцияларын салу мен пайдалануды ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. Қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан. Радиоактивті қалдықтарды сақтаудың әлеуетті ресурстары бар және су тапшылығы туындамайды»,- деді Лукин.