БілімЖаңалықтар

«Ағылшын тілі талап етілмейді»: Елімізде докторантураға түсу талаптары өзгерді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутаттық сауалына жауап алғанын айтып, маңызды жаңалықты жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, Ғылым және жоғары білім министрлігі маңызды шешім қабылдады.

«Енді 4 бағыт бойынша PhD түсушілерге ағылшын тілі сертификаты талап етілмейді: Дене шынықтыру; Музыка; Қазақ тілі мен әдебиеті; Орыс тілі мен әдебиеті.

GPT мен Gemini шыққанға дейін бұл талаптар орынды болса, қазір жағдай өзгерді.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап эссе орнына Research Proposal енгізу ұсынысым қабылданды.

Министрлікке бұл шешім үшін рақмет! Scopus және басқа да мәселелер бойынша жұмыс жалғасады», — деп жазды ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button