Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ахметбек Нұрсила: Қазір кей еркектер қорқақ, әйелге тәуелді болып қалды

Қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила Қазақстанда патриархат дәуірі аяқталып, матриархат басталып жатыр деп санайды, деп жазды qandastar.kz

Ол қазіргі заманда әйелдердің экономикалық және әлеуметтік тәуелсіздігі еркектерге тәуелділіктің азаюына алып келетінін, әйелдер отбасының, балалардың, қарттардың күтімін өз мойнына ала отырып, қоғамдағы рөлін күшейтіп жатқанын айтады. Еркектер бұрынғыдай ғана физикалық күшке тәуелді емес, әйелдер кейде ерлерден де көп табыс табатынын, бұл жағдай қоғамдағы күш теңгерімін өзгертетінін көрсетеді деп есептейді.

«Қазіргі заманда әйел еркексіз  күнін көре алады, бала тапқсысы келсе «жолдан тауып» ала алады. Жүкті болса босанғанға шейін жұмыс жасай алады, босанған соң күтуші жалдап жұмысқа шығып кетіп, болмасаа үйден ақ істеп өзін өзі асырай алады. Ажырасып жатса балалар көп жағдайда анасымен кетеді, кейін қартайса балалары бағады, ал еркектің әйелсіз күні қараң, ажырасса балалары әйеліне кетіп, өзі қара басы қалады, қартайса соқа басы қалып, асырайтын, қарайтын адамы да болмай қалады.

Сондықтан еркек әйелге тәуелді, сөз айтуға да қорқатын болады, болып та жатыр. Көп табыс тапқан, ер азаматты сыйламайтын әйелдер ынжық, қорқақ, өзіне сенімсіз ер бала тәрбиелеп шығарады. Өйткені ол отбасындағы әкесінің түрін, қылығын көріп қайталайды», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Back to top button