Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ал Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің әлеуметтік-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастады.



