Жаңалықтар
Air Astana: Қазақстандық бортқа домбырамен кірсе, ол үшін төлеуге міндетті
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Air Astana компаниясының вице-президенті Александр Небога ұшаққа домбырамен кірген жолаушы қосымша ақша төлеуге міндеттелетінін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат агенттігі.
Кеше елордада әуе көлігі тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында тілшілер әуе компанияларының басшыларынан «жолаушылар өзімен бірге алып жүрген домбыраға қосымша ақы төлеу керек пе?» деген сұрақ қойды.
Александр Небога жолаушы музыкалық аспап үшін төлеуге міндетті деген норма барын атап өтті
Қол жүгі салынатын жәшіктердің көлемінде де, ондағы жүк салмағында да белгілі бір шектеулер бар. Тиісті музыкалық аспаптарды тасымалдауға рұқсат етіледі, ол үшін қосымша орын алу қажет. Бұл жағдай – негізінен барлық авиакомпанияда қабылдаған стандартты әлемдік тәжірибе, – деді Небога.
Ол қол жүгінің көлемі ұшақтағы жәшіктерге сыймай тұрса, кез келген затқа қосымша орын алу керектігін жеткізді.