Жаңалықтар

Air Astana ұшағы шұғыл Ақтау әуежайына қонды

Фото: avianews.com

Air Astana әуе компаниясының ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп жазды qandastar.kz

Компания баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсінік берді. Ондағы мәліметке сүйенсек, 8 қаңтарда Алматы – Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кеткен. Алайда техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонған.

Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болған. Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылуда,-делінген мәліметте.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close