Шоу бизнес

«Айданадан айырылып қала жаздадық»: Әлішер Нұржанов отбасындағы ауыр сәт туралы айтты

Актер әрі әнші Әлішер Нұржанов жұбайы, танымал әнші Айдана Меденованың босану кезінде өміріне қауіп төнген сәтті еске алды, деп хабарлады qandastar.kz. Ол бұл туралы өз парақшасында жазып, сол түннің қаншалықты ауыр өткенін ашық баяндады.

Әлішердің айтуынша, Айдана қыздарын дүниеге әкелу кезінде күрделі жағдайға тап болып, дәрігерлердің шұғыл араласуымен аман қалған.

«Бәрі қалыпты жүріп жатқан еді. Бір сәтте дәрігерлердің дауысы басылып, айнала тып-тыныш болды. Кейін медбике жүгіріп шығып, операцияға дайындалу керектігін естідім. Сол кезде бәрі өзгерді. Біз Айданадан айырылып қала жаздадық», — деп жазды ол.

Актердің сөзінше, дәрігерлердің кәсіби әрекеті мен жедел шешімі ғана Айдананың өмірін сақтап қалған. Ал босану кезінде дүниеге келген кенже қыздарына Ханифа есімі берілген.

«Алла қаласа, бәрі жақсы болады деп үміттендім. Ақыры солай болды. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Ол түн біз үшін үлкен сынақ болды, бірақ Алла қаласа бәрі артта қалды», — деді ол.

Қазір Айдана Меденованың жағдайы жақсы. Ерлі-зайыптылар бес баланың ата-анасы атанып отыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button