ЖаңалықтарШоу бизнес

Айдарбекова Қайраттың кредитке кіріп кеткенін айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова «Шәйдің қыздары» подкастында «Қайраттың кредиті бар» деген әңгіме шын мәнінде қалай шыққанына тоқталды, деп жазады qandastar.kz

«Көбі Қайраттың да кредиті бар деп күледі. Ол қайдан шықты? Қайрат несие өзіне алмайды. Бірде ұшақтан түскен кезде алдынан бір кісі шығып: «Қайрат балам, мына затты сатып аласың ба? Несие төлеуім керек еді», – депті. Қайрат қанша тұратынын сұраған. Бағасы шамамен 1 млн 600 мың екен, бірақ әлгі адам қолындағы затын 200 мыңға бере салмақ болып тұр екен. Қайраттың өзінде артық ақшасы болмаған, себебі оның табысы ИП шотына түседі. Сол үшін ол несие рәсімдеп, ақшаны әлгі кісіге аударып жіберген. Содан кейін жұрт «Қайраттың да кредиті бар екен» деп шулап кетті. Ал ол өзіне несие алған жоқ, – деді Айдарбекова.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға түрлі пікір білдіруде. Олар «Қайраттың ақшасын өзі ұстаймын десейші», «Қайрат кең пейілді жігіт қой», – деп жазуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button