Жаңалықтар
Айдын Рақымбаев: Ата-бабамыз «армысыз» деп амандасқан!

Фото: ашық дереккөз
Белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев әсіредіншілерді дүрліктіріп қойды деп жазады qandastar.kz Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазақтар «армысыз» деп амандасқан. Бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр.
«Армысыздар, достарым! Тарихшылармен әңгімелескенде бәрі де біздің бабаларымыз жүздеген жыл бұрын «Армысыз?» , «Аман-есенсіз бе?» деп амандасқанын айтады. Бабаларымыз қандай дана сөздер мен терең мағынаны қолданған», — деп тамсанып отыр кәсіпкер.
Айтуынша, «сәлем» мен «сәлеметсіз бе» деген қазаққа ежелгі жебірейлердің «шалом алейхим» және арабтың «ассалаумағалейкум» дегенінен келген. «Біз бұлай амандасуға үйреніп қалдық және ол да дұрыс. Бірақ, оған қоса ежелгі түрікше амандасу да әдемі естіледі ғой. Осы орайда, менде ұсыныс бар: Отбасында, жұмыста, көшеде бір-бірімізбен таза қазақша «Армысыз?» деп амандасайық«, — дейді Айдын Рақымбаев. Мұны естіген кейбір әсіредіншілдер BI Group-тің басшысын тәңіршілдердің қатарына қосып үлгеріпті.